ГлавноеОбразование

Елімізде Мұғалімдер күнін тойлау ресми түрде 5 қазанға ауыстырылды

Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады. Бұған дейін республикада Ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін. Енді бұл датаны мерекелеу әлемнің 100-ден астам елінде 5 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік Мұғалімдер күнімен тұспа тұс болмақ.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

Другие новости

Back to top button