Главное

Елімізде енді жүргізушілерді дайындайтын жеке нұсқаушылардың қызметі тоқтатылмақ

Қазақстанда жүргізушілерді дайындап жүрген нұсқаушылардың қызметі тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігін алудағы емтихан ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлады.

Енді медициналық анықтамалар мен дайындық курсынан өткенді растайтын куәлікті электронды нұсқаға көшіру қарастырылып жатыр. Сондықтан рұқсаты болмаса да, жүргізушілерді дайындайтын жеке нұсқаушылардың қызметі тоқтатылады. Көлік жүргізіп үйренгісі келетіндер  кәсіби орталықтардың қызметіне жүгінеді. Осы арқылы жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік туады дейді мамандар.

Другие новости

Back to top button