ГлавноеГосорганы

Діндер съезінің күн тәртібі бекітілді

Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму вице- министрі Серік Егізбаев съез отырысында 4 секция болатынын айтты.

Руханияттағы діндердің рөлі, бейбітшілік пен келісімдегі білімнің рөлі, экстремищм мен терроризм мәседелері және әйелдің әлеуметтік мәртебесіндегі діни қауымдастықтың рөлі талқыланады. Бұл секциялар 15 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында өтеді,- деді ол.

Осылайша, модераторлар мен баяндамашылардың тізімі бекітілді.

Съез декларациясы да талқыланған.

Айта кетейің, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

Другие новости

Back to top button