Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық және жылы болады

Тек батыс өңірлерде жаңбыр жауады

13 қазанда республиканың басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, соның нәтижесінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батыста, солтүстік пен шығыста тұман түседі.

Түркістан облысында түнде температура 3 градусқа дейін төмендейді.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 17-19 градус жылылықты көрсетеді.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 20-22 градус жылылықты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық, жауын жаумайды. Жел секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

 

Другие новости

Back to top button