Культура

«Бәріңізге бұйырсын!»: Айжұлдыз Адайбекова жігітінің сүйіп тұрған фотосын жариялап, желіні шулатты

Танымал актриса, желі жұлдызы Айжұлдыз Адайбекова жеке парақшасына болашақ жарының сүйіп тұрған фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса Назар есімді ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

“Бәріңізге бұйырсын! Жақында таныстырамын”, – деп жазды актриса.

Өнер иесінің жанкүйерлері мен желі қолданушылары жарыса пікір жазып, актрисаға бақыт тілеп жатыр.

“Бақытты болыңыздар!”, “Алла сезімдеріңізді арттыра берсін!”, “Мен білемін кім екенін”, “Айжұлдыз сенің өте ақылды, керемет білімді қыз екеніңді бір подкасты тыңдап білдім. Бұрын тек Жанар Айжанованың қызы деп ойлайтынмын. Алла зейініңді ашқыр, өз қатарластарыңның алды бол! Осындай білімді ұрпақ өсіп келе жатырғанына өте қуаныштымын! Бағың жансын!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Другие новости

Back to top button