Атырауская область

Атыраулық құтқарушылар шұңқырдан сиыр мен итті шығарып алды

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары адамдарды ғана емес, жануарларды да құтқарады. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен сенбіде, 6 тамызда құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен сиыр мен итке көмектесті.

«Сағат 9:03-те Атырауда сиырдың балшыққа батып, өздігінен шыға алмай қалғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының мамандары жетіп, дереу құтқару жұмыстарын жүргізді. Сиыр зардап шеккен жоқ», — делінген департамент хабарламасында.

Сол күні сағат 21:38-де Атыраудың Ақсай-2 кентіндегі үйдің ауласында ит шұңқырға құлап кеткені туралы қоңырау түсті.

Үй жануарын иесі өздігінен шығара алмаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үш метрлік сатының көмегімен итті шұңқырдан алып шықты.

Другие новости

Back to top button