Атырауская область

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті

Жыл басынан бері қалада жол-көлік апатынан 95 адам жараланып, 7 адам қаза тапқан 

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында болған.

«Қаладағы «Балауса» шағынауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі басты жолмен келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан. Соққы екпінінен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған», — делінген хабарламада.

Жедел жәрдем көлігіндегі екі жолаушы мен «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Нәсиполланың айтуынша, жыл басынан бері тек Атырау қаласының аумағында 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 95 адам әртүрлі дене жарақатын алса, 7 адам қаза тапқан.

 

Другие новости

Back to top button