Госорганы

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру басталды

Атырау тұрғындары жағымсыз иіске байланысты экология департаментіне шағым түсірген

Тұрғындардың шағымынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырауда облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.

«Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Зертхана қызметкерлері желдің бағыты бойынша атмосфералық ауадан сынама алады. Жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр», — деді Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

 

Другие новости

Back to top button