Главное

Астана аспанында алпыстан астам әскери ұшақ парадқа дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Қазақстанның әуе қорғаныс күштері Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Әуе шеруіне армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан аса ұшағы қатысады.

«Елорда көгінде Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ең үздік экипаждары ұшады. Әуе шеруін Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров басқарады», — деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад 7 мамыр күні Тәуелсіздік алаңында өтеді. Шеруге 4 мыңға жуық әскери қызметі, оның ішінде 200-ге жуық әскери қыздар қатысады. Сондай-ақ 200-ге жуық әскери техника да парадқа шығады.

 

Другие новости

Back to top button