Актюбинская область

Ақтөбе облысында полицейлер ер адамды суицид жасаудан құтқарды

Ақтөбелік полицейлер суицидтің алдын алды. Олар асылып өлгісі келген ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда Ақтөбе облыстық ІІД Жедел басқару орталығына жедел жәрдемнен ер адамның өз өмірін қиғалы жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қоңырауға дер кезінде ден қойған тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жеткен. Есікті ашқан полицейлер асылып қалған адамды көреді. Олар үйлесімді және тиімді әрекет ете отырып, адам өмірін сақтап қалды және қайғылы жағдайдың алдын алды.

Ер адамға кәсіби психологиялық көмек көрсетілді.

Бұл әрекетке қаржылық қиындықтар себеп болды.

Другие новости

Back to top button