Мангистауская область

Ақтауда жағажайда дәрет сындырған әйел жазаға тартылды(ВИДЕО)

49 жастағы әйелдің оғаш әрекеті түсірілген видео желіде тарап кетті

Ақтауда жағажайда дәрет сындырған егде жастағы әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қаладағы 4А шағынауданындағы жағажайда, талтүсте, өтіп бара жатқан адамдардың көзінше дәрет сындырған әйел бейнеленген.

Осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

«49 жастағы әйел оғаш әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды. Ол 27 шілде күні сағат 19:00 шамасында 4А шағынауданында орналасқан жағажайда рұқсат етілмеген жерде дәрет сындырған. Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды», — делінген ПД хабарламасында.

Әйелге 10 АЕК, яғни 30 630 теңге айыппұл салынды.

Другие новости

Back to top button