Алматинская область

Антикор Алматы облысында аудан әкімін жазалады

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі жемқорлыққа қарсы заңға көз жұма қараған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Алтай Досумбаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

«Мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған маманды жұмысқа қабылдағаны анықталды. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып саналады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы). Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Істі қарау барысында шенеунік кінәсін толық мойындады», -деп хабарлады Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Аудан әкімі Досумбаевқа 50 МРП көлемінде айыппұл салынды.

Другие новости

Back to top button