Госорганы

Amanat съезінің делегаттары Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады

Amanat партиясы кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуға бірауыздан дауыс берді. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Бұған дейін Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов XXIV съезд барысында партияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын дауысқа салуды ұсынған болатын. Ол қазір елімізге халық сенетін кандидат қажет екенін баса айтты.

Айта кетері, Астанада Amanat партиясының съезі өтіп жатыр. Оның жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысуда – барлығы 1200-ден астам адам.

Қазақстанда мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды, бұл кезең 11 қазанға дейін жалғасады. Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

 

Другие новости

Back to top button