Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп келген әйел ұсталды
Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болған
Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп келген әйел ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
» Бір эпизодта 26 жастағы К.есімді азаматша, әженің сеніміне қиянат жасап, оның деректерін пайдаланып, онлайн 900 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.