Алматы

Алматыда полиция қызметкері дәретхана шұңқырынан алып шыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Жаңа туған баланы аман алып қалған полиция қызметкерлері ауруханаға барып қайтты

Алматыда полиция қызметкері дәретхана шұңқырынан алып шыққан бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Құтқарылған сәбиді көру үшін полиция капитаны Нұржан Шатунов пен полиция лейтенанты Ғазиз Хамасқалиев емдеу мекемесіне барып қайтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер баланың жағдайы бір қалыпты, ауыр деп отыр.

«Батырдың өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқанын білеміз. Оларға көп рақмет. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбиге қажетті заттарды алып келдік. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз», — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.

Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалған болатын.

 

Другие новости

Back to top button