Алматы

Алматыда полиция подполковнигін белгісіз біреулер аяусыз соққыға жығып кеткен

Қылмыс жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде полицейдің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа байланысты ІІМ пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға 9 қазанға қараған түні сағат 00:30 шамасында Алматыдағы «Панорама» мейрамханасының жанында болған.

Белгісіз адамдар Алматы қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.

Ол «жабық бас сүйек – мидың жарақаты, мидың шайқалуы» диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – деді Полиция департаменті.

 

Другие новости

Back to top button