Алматы

Алматыда науқас баланың еміне деп жұрттан ақша жинаған екі қыз ұсталды

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Алматыда науқас баланың еміне деп алаяқтық жолмен жұрттан ақша жинаған екі қыз ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі блогерлердің бірі алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арызданған. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасында жазба жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, көмекке шақырған үндеуді назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде қаражат аудара бастады.

«Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алуда қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

 

Другие новости

Back to top button