Алматы

Алматыда бизнесті рейдерлердің басып алуына қатысты тың мәліметтер жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар компанияны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, зардап шегушілерге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 14 шілде күні Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың 9 млн АҚШ долларына жуық қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды. Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ ведомстводалығлар Қаржылық мониторинг агенттігіне осы топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де түсіп жатқанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button