Алматы

Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады

Алматыда ағаштарды өртеп жатқан адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық ПД Бостандық ауданы Полиция басқармасы видео түсірілген жерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады», — делінген хабарламада.

Алматы өрт

 

Другие новости

Back to top button