Алматы

Алматыда 8 қазан жалпы қалалық сенбілік өтеді

Алматыда «Табиғатта қоқыс жоқ!» жалпыұлттық акциясы өтеді. Жаппай экологиялық сенбілік 8 қазанда туристер көп келетін бес жерде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған орай, қала әкімдігі барша қаланың жанашыр тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырады.

Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарындағы жерлерді қамтиды:

Бутаковка шатқалы – орманшының үйінен басталып, «Бутаковка» төменгі сарқырамасына дейін;

Ақбұлақ – Көкжайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан бастап Көкжайлау үстіртіне дейін;

Казачка шатқалы – Казачкадағы тұйық тосқауылдан Көкжайлау үстіртіне дейін;

Қимасар шатқалы – Қимасар шатқалындағы қаңырап қалған үйден кемпингке дейін басталады;

Проходное шатқалы – тас аялдамадан «Қыздың көз жасы» сарқырамасына дейін.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен және суы бар түскі ас жәшіктерімен қамтамасыз етіліп, қаладан трансфер ұйымдастырылады.

Белсенділер үшін жиынның күні мен уақыты белгіленеді.

8 қазан күні белсенділер 07:45 — 08:00-де Спорт сарайының жанына жиналуы керек. Балуан Шолақ (Визу Алматы), «Қазақстан» қонақ үйі (паркинг) және Тұңғыш Президент саябағында (Визу Алматы).

 

Другие новости

Back to top button