Алматы

Алматыда 7 тамызда кейбір жолдар жабылады

7 тамызда Алматыда веложарыс өтеді. Осыған байланысты сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, Visa Tour of World Class Almaty 2022 веложарысы 7 тамыз жексенбі күні 8:00-де 14 шақырымдық балалар қашықтығынан басталады. Жалпы велошеруге 1000-ға жуық адам қатысады.

32 және 52 км қашықтықтарға қатысушылар Mega Almaty СОО-дан Шығыс айналма автомобиль жолымен (ШААЖ) әдемі бағдар бойынша жүріп өтеді, «Halyk Арена» мұз кешенінен өтеді және Рысқұлов даңғылындағы жол айрығында кері бұрылады.

32 км қашықтықтағы атлеттер Әл-Фараби даңғылымен жүріп өтіп, Mega Almaty СОО-дан мәреге қарай бұрылады, ал 52 км қашықтықтағы қатысушылар өз бағдарын әрі қарай Саин көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жалғастырады. Велосипедшілер бұрылып, Розыбакиев көшесіне жеткеннен кейін әрі қарай мәреге қарай бет алады.

Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:

  • Розыбакиев көшесі (Шығыс және Батыс жағы) Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 05:00-ден 13:00-ге дейін;
  • Әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 08:00-ден 09:30-ға дейін;
  • Әл-Фараби даңғылы (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 08:10 бастап 11:20 дейін;
  • ШААЖ (шығыс жағы) 09:15-тен 09:50-ге дейін;
  • ШААЖ (батыс жағы) 09:30-дан 10:40-қа дейін;
  • Саин көшесі (шығыс жағы) Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін 10:30-дан 11:40-қа дейін;
  • Саин көшесі (батыс жағы) Рысқұлов даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 10:50-ден 12:00-ге дейін.

Соңғы қатысушы сағат 13.00-ге дейін қашықтықты өткеннен кейін автокөлік қозғалысы толық қалпына келтіріледі.

 

Другие новости

Back to top button