Алматы

Алматыда 10 өзбек азаматы еңбек құлдығына түсті

Алматыдағы Өзбекстанның бас консулдығына үш өзбек азаматы жүгінді, олар бір топ жергілікті тұрғындардың зорлық-зомбылық көрсетеміз деп қорқытып, жеке үйде 10 адамды ұстап, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Дуне» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бас консулдық қызметкерлері Алматыдағы құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге Өзбекстан азаматтары тұратын жерге барып, кейін олар Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

Қылмыскерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы («озбырлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу шаралары жүргізіліп, Өзбекстан азаматтарына төлқұжаттары мен жеке заттары қайтарылған соң, 1 тамыз күні олар Алматы-Ташкент рейсі бойынша автовокзалға жеткізілді.

Другие новости

Back to top button