Алматинская область
Алматы облысында зауытта жарылыс болды, адам шығыны бар
Оқиға 31 тамыз күні Өтеген батыр кентінде болд
Алматы облысы Іле ауданындағы зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам қаза тапты. Бұған қоса жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Іле ауданының Өтеген батыр кентінде орналасқан PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған. Одан кейін 50 шаршы метр жерде қабырғаның қаптамасы өртенген. Сонымен қатар жарылыстан 400 шаршы метр шатыр мен қабырға опырылып құлаған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 50 шаршы метр алаңда қос қабатты ғимараттың жанып жатқанын және шатыр мен қабырғаның құлағаны анықтады. Оның жалпы ауданы — 1250 шаршы метр», — деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.