Алматинская область

Алматы облысында жол-көлік апатынан 7 адам зардап шекті

4 ересек адам мен 3 бала ауруханаға жеткізілді

Алматы облысында болған жол-көлік апатынан төрт ересек адам мен үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  ІІМ баспасөз қызметі.

«Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласының маңында Mitsubishi Galant және ВАЗ-2106 көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік апатына ұшыраған жеті адам жақын маңдағы ауруханаға медициналық тексеруден өту үшін жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Талдықорған – Үштөбе тасжолының 32-шақырымында «Жигули» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, шетелдік көлікпен соқтығысқан.

Оқиға орнында Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button