Алматинская область

Алматы облысында ер адам бұрынғы әйелін 22 жерінен пышақтап тастаған

Күдікті қамауға алынып, тергеу басталды

Алматы облысында ер адам бұрынғы әйелін 22 жерінен пышақтап тастаған. Ауыр жарақаттардан аман қалған келіншек «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәріден көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жәбірленуші Юлияның сөзінше, бұрынғы күйеуі Евгений Дадаев екеуі 17 жыл  бірге тұрған. Осы жылдың мамыр айында ажырасқан екен.

«Мен соңғы 2 жыл тозақта тұрдым. Ол ішті, ұрды, қорлады, үнемі қадағалады, қорқытты. Ал 2022 жылдың ақпанында себепсіз ұрып-соғып, тіпті мылтық кезеді. Сол кезде қайын енем келіп, мылтықты қағып үлгерді және оқ қабырғаға атылды. Мен сол кезде полицияға арыз жазған жоқпын, бірақ бірден ажырасуға өтініш бердім»,-дейді жәбірленуші Юлия.

Ажырасқан соң Юлия өзінің ата-анасының үйінде тұрған. Бұрынғы күйеуінің үйіне заттарын алуға барған кезде ол пышақ ала жүгірген.

«Маусым айынан бастап балаларыммен бірге ата-анамның үйінде тұрдым. Күйеуіммен тұрған үйге біз заттарды алу үшін бардық, сол кезде ол үйге жүгіріп келіп, маған пышақпен шабуыл жасады. Мені анамның көзінше кесіп бастады. Анам оны тоқтатуға тырысты. Бірақ, ол маған 22 рет пышақ сұғып үлгерді. Оның 3-еуі өкпеге және бауырға кірді. Құдай мен дәрігерлердің арқасында мен аман қалдым. Енді оның туыстары жазасын жеңілдету үшін бәрін жасайды. Олардың таныс-тамырлары көп, ақшасы да бар. Мен оған қатаң жаза берілсе деймін»,-деді жәбірленуші Юлия.

Алматы облысының полициясы аталған факті Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды және істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті белгіленген тәртіппен қамауға алынды», — деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті.

 

Другие новости

Back to top button