Госорганы

Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын төмендетуді күткен жандар көп — Депутат

ҚР президенті бүгінгі Жолдауында әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 2028 жылға дейін тоқтата тұру туралы айтты. Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанованың пікірінше, 5 жыл денсаулық сақтау жүйесін жақсарту шараларын қабылдауға жеткілікті.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Олардың бірі – 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру. Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды.ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова

Осы орайда депутат алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатынын айтты.

Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға, сондай-ақ кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.Ләззат Рамазанова

 

Другие новости

Back to top button