Спорт

Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін футболдан шеттетілді

Оның ағзасынан мельдоний препараты табылған

Қазақстан құрамасы мен «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты төрт жылға спорттан шеттетілді, деп Azattyq Ruhy.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді.

Футболшының допинг сынамасынан рұқсат етілмеген мельдоний дәрумені табылған.

Енді ол 2026 жылға дейін футболға орала алмайды.

Другие новости

Back to top button