
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында алапат өртпен күресіп жүрген өрт сөндірушілермен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-арнасы.
«Барлық өрт сөндірушілер, өртпен күресіп жатқандар, осы төтенше жағдайдағы ерлік үшін барлығың награда мен сыйақыға ұсыныласыңдар. Материалдық жағдайды көтеру, баспанамен қамту, кадрларды дайындау бойынша ең ауқымды шаралар қолға алынады», — деді Тоқаев.
Айта кетері, Қостанай облысындағы алапат өрт төрт ауданның аумағына жайылды. Тілсіз үш күннен бері басылмай тұр. 100-ге жуық үй жанып кетті. Бір адам қаза тапты. Облыстағы орман қорының жартысына жуығы өрттенді.
Жалпы, Қостанай облысындағы орман өртін өшіруге 224 техника мен 2 мыңнан астам адам тартылып отыр. Алты тіұшақ пен бір ұшақ, бұдан бөлек, бес өрт сөндіру пойызы тілсіз жаумен күресіп жүр.