Главное

Заңға қол қойылғалы елден шетелдік легионерлер кетіп қалды ма

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы легионерлерге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЛЕГИОНЕРЛЕР ЕЛДЕН КЕТТІ МЕ

Мырзабосынов елде енді легионерлерді тек демеушілер қаржыландыратынын айтты.

— Бүгінгі күні жаңа заңнама аясында легионерлерге мемлекеттік және квазимемлекеттік бағытта қаражат бөлінбейді. Ұлттық құрамада легионерлер жоқ. Көбіне клубтық жүйелік мәселелер. Футбол, хоккей клубтарында легионерлер бар. Оларға заңға қол қойылғалы бері қаражат бөлінбейді. Көп клубта тек кәсіптік, демеушілер есебінен қаржы бөлінеді. Яғни кәсіпкерлердің есебінен демеушілік қаражатты тартып, әлемдік, республикалық аренада болсын, бәсекелестік орнатқысы келсе оны демеушілер есебінен төленеді. Ал бүкіл жиналған қаражат балалар спортына, олимпиадалық спорт түрлеріне, солардың жабдықтау мәселесіне, жан-жақты селекцияға жұмсалады, деп жауап берді министр.

ЗАҢ

Еске салайық, 15 сәуірде Тоқаев легионерлерге қатысты жаңа заңға қол қойған болатын. Яғни енді Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен енді легионерлерге ақша бөлінбейді.

МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды ұлттық бюджет есебінен қаржыландыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатымен қамтамасыз етуге тыйым салды.

Мемлекет мұнан әрі шетелдік ойыншыларға қолдау көрсетпейді. Бұл шектеу президенттің мемлекет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына енгізілді.

«Спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдарда ақылы қызмет көрсетуге әрі одан түскен қаржыны заңи тұрғыдан жарату мүмкіндігі тумақ» делінді мәжілісте.

Другие новости

Back to top button