Главное

Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайтын болды

Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 11-сыныптар үшін 23 немесе 24 мамырда соғылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылының аяқталуына да аз қалды. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, елімізде биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан аса оқушы тәмамдайды, соның ішінде 217 мыңнан астам бала 11-сынып бітіреді.

«Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады. Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі», — дейді министрліктегілер.

Биыл соңғы қоңырау күні – 25 мамыр жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.

Министрлік оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектеп форматынан тыс сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы бір мәрте еске салды.

Другие новости

Back to top button