Главное

Қазақстандық әйел жеті баласын 85 мың теңгеге асырап жүр

Қазақстандықтар ең төменгі жалақымен күн көруге мәжбүр болған көпбалалы анаға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көшедегі әлеуметтік сауалнама барысында әйелге Қазақстанда билік белгілеген 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі жалақыға өмір сүруге бола ма деген сұрақ қойылды.

— 85 мың теңгеге өмір үсру мүмкін емес. Мен 85 мың теңге жалақы аламын, жеті баламен. Кеше 20 мың қосылып, 100 мың болды. Жәрдемақы алмаймын. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырып келе жатырмын. Ол өте ме, өтпей ме…, дейді видеодағы әйел.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ РЕАКЦИЯСЫ

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазған.

— Министрлердің, депутаттардың айлықтарын 85000 тг қылу керек, көрсін сол ақшаға өмір сүріп. 

— Бір баламен да жетпейді, атаулы әлеуметтік көмек бәріне бере бермейді. Табыс көп деп. 

— Құдай сақтасын, осындай жағдайға халқымызды жеткізген мисыз басшылардан!

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып белгіленді. Бұл сома жұмыс берушілердің қызметкерлерге төлей алатын ең төменгі жалақысы болып табылады және одан төмен жалақы белгілеуге заңмен тыйым салынған.

Другие новости

Back to top button