Главное
Қазақстанда 2 миллионға жуық бойдақ жігіт бар болып шықты – олардың көбі қай өңірде тұрады

Соңғы санақ бойынша Қазақстанда 1 млн 959 мың 771 бойдақ жігіт пен тұрмыс құрмаған 1 млн 826 мың 62 бойжеткен бары анықталған, деп жазады Azattyq Rýhy экслюзив материалында.
Біздің ресми сауалымызға жауап берген Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұрмыстық өмірге асықпайтындардың ең көбі қай аймақта екенін көрсетті.
2021 жылғы соңғы санақтың мәліметтеріне сүйенсек, елімізде үйленбеген жігіттердің саны 2 млн адамға жуықтаған екен.
«Ел бойынша бойдақ жігіттердің саны 1 млн 959 мың 771 адам. Тұрмысқа шықпаған 1 млн 826 мың 62 қыз бар. Үйленбеген қыз-жігіттердің көбі Түркістан және Алматы облыстарында, ал, ең азы Атырау облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында өмір сүреді», — деп хабарлайды бюро.