Главное
«Ғашық болып қалдым»: жуырда ажырасып кеткен Сабина Алтынбекова елді елең еткізді

Жуырда ажырасып кеткен Сабина Алтынбекова желідегі жазбасымен жұртты елең еткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Волейболшы Instagram желісінің Stories бөлімінде жазба жариялады.
«Бүгін клиникада былай деп сұрайды: «Сабина, көзіңіз жарқырап, жайнап тұр! Ғашық болып қалдыңыз ба? Иә, өзіме ғашық болып қалдым», — деп жазды Сабина Алтынбекова.
Айта кетейік, Қыз-келіншектерге курс сатқан сұлу волейболшы Сабина Алтынбекова ажырасқанын айтқаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы тұрмысқа шығып, балалы болып, спорттағы карьерасынан үзіліс алған еді. 2022 жылы спортқа қайта оралып, арабтың Al wasl клубында ойнады. 2022-2023 жылдары ол Al wasl Араб лигасының чемпионы атанып, әлемдегі ең бай волейболшылардың қатарына қосылды. Ал, 2024 жылдың соңында он Индонезия клубына кеткенін хабарлаған еді.