Главное

Баян Мақсатқызы Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұртына сәлем салып, елді таң қалдырды (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұрт – жұбайы Мөлдір Мұқанованың туған жеріне сәлем салып, елді таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында жариялады.

«Мөлдірдің оқырмандарына бір сәлем. Торғайлықтар, Арқалық, Амангелді Иманов, бір сәлем. Мен негізі ылғи да сәлем саламын», — дейді Баян Мақсатқызы.

Ал Мөлдір Мұқанова продюсердің сәлем салатынын тілге тиек етті.

«Байқадыңыздар ма, осы кісі менің Stories-імді көрсе, сәлем салады», — дейді Тұрсынбек Қабатовтың әйелі.

Осыған дейін тележүргізуші Айгүл Мүкей желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұрты Торғай қаласынан екенін жазған болатын.

Желі қолданушылары продюсердің бұл әрекетіне таңданысын жасырған жоқ.

«Байкот жасағасын Баян сәлем салып кеткен бе?» «Салем салу туралы не айтқан еді, кімнің есінде?», «Әйтеуір, сәлем салуды қабылдапты ғой», «Мә, сәлем салу Баянға жарасып тұр. Сүйкімді боп кетті, қазақшаны қалай тәтті сөйлейді», «Баян дурыс жасадың. Қазақша сөйлеп сәлем салу – ол үлкендерден батасын алу, одан кеміп қалмайсыңдар», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Баян Мақсатқызы сәлем салуды өзіне ешкім үйретпегенін әрі үйрете де алмайтынын айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button