Главное

Айжұлдыз Адайбекова сырғалым атанды: Жанар Айжанова құдаларын үйінде қалай қарсы алды

Қазақстандағы танымал актриса әрі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековаға сырға салды. Бұл туралы Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айжұлдыз жариялаған видеоларда сырға салу рәсімінің өткенін көруге болады. Актрисаның анасы, халыққа белгілі өнер иесі Жанар Айжанова құдаларын қарсы алып, қазақтың салт-дәстүріне сай сырға салу рәсімін өткізген.

Ол күйеу баласы Сәкен Қағаровтың иығына шапан жапты.

«Ел құрметтейтін патшадай болып жүр. Бүкіл ел қызықсын. Қазір бұндай шапан трендте, балам. Күзгі пальтоның орнына киесің. Кез келген киіммен жараса кетеді», — деді Жанар Айжанова.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров осыдан бір апта бұрын заңды некеге тұрғанын әлеуметтік желі арқылы жариялаған болатын. Бұл жаңалық жанкүйерлер мен желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданды.

Другие новости

Back to top button