Главное

Қазақстанда биылдан бастап Ұлттық кітап күні атап өтіледі

Биылдан бастап Қазақстанда 23 сәуірде Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Руслан Желдібай былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма бергенін еске салды.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», – делінген құттықтауда.

Другие новости

Back to top button