Главное

Танымал жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

Қазақстанның танымал жазушысы, драматург әрі сценарист Әкім Тарази 2025 жылғы 22 сәуірде 92 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды алғаш болып ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкім Үртайұлы Әшімов (әдеби лақап аты — Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол — қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі, бірнеше буын оқырманның рухани дүниесін байытқан көркем туындылардың авторы.

Әдеби шығармалары:

  • Романдары: «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Москва – Баласаз»
  • Пьесалары: «Жолы болғыш жігіт», «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Махамбет», «Індет», «Үкілі жұлдыз» және т.б.
  • Прозалық туындылары: «Ауыл шетіндегі үй», «Тәж», «Көк аспанда қырағы көз бар», «Махаббат жыры»
  • 2023 жылы жазушының 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
  • Кино мен театрдағы үлесі

Әкім Таразидің сценарийлері бойынша түсірілген туындылар:

  • «Тұлпардың ізі»
  • «Арман – Атаман»
  • «Қараш-Қараш оқиғасы»
  • «Мұстафа Шоқай»
  • «Қызжылаған»
  • Бұл фильмдер қазақ киносының «алтын қорына» енді.

Драматургиялық шығармалары Қазақстанның көптеген театр сахналарында қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Аударма және зерттеу еңбектері

  • Жазушы аудармашы ретінде де кең танылған. Ол:
  • Н.Я. Бичуриннің тарихи еңбектерін,
  • Франсуа Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын
  • қазақ тіліне тәржімалаған.

Марапаттары мен атақтары

  • «Құрмет» ордені (1994 ж.)
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1997 ж.)
  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002 ж.)
  • Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлық (Прага, 2011 ж.)
  • «Отан» ордені (2015 ж.)
  • «Қазақстанның Еңбек Ері» (2021 ж.)

Другие новости

Back to top button