Главное

Көліктің сау-тамтығы қалмаған: БҚО-да екі оқушы ұл қорқынышты жол апатынан қаза тапты

БҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Переметное – Белес» автожолында Jac N56 пен «ВАЗ-2110» автокөліктері соғысқан. Жеңіл көлікте 2008 және 2010 жылы туған екі оқушы отырған. Кейбір дереккөздер олардың ата-анасынан рұхсат сұрамай, көлікті айдап кеткенін айтып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға,  мұндай жағдайлардың алдын алуға шақырады», — деп хабарлады полициядан.

Другие новости

Back to top button