Главное
«Нағыз қызға айналдым»: Трансгендер Амилай шетелде ота жасатты

Танымал блогер Амилай Баймұратова ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы шетелге кетіп қалғанын айтты.
“Әлі палатадан шықпадым. Орнымнан тұра алмай жатырмын. Жағдайым дұрысталсын, сосын сіздермен тілдесемін. Бәріне қызық болып жатыр. Мен енді нағыз қызға айналдым. Әзірге катетердің көмегімен жатырмын. Бірақ төсекке таңылып жатсам да, ақша табуды жалғастырып жатырмын”, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, желі жұлдызы әскерге шақырылғанын жазған едік. Алайда блогер отан алдындағы борышын өтеуді әзілге айналдырды.
“Мен армияға дайындаламын. Шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын. Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деген еді трансгендер.