Главное

Асхат Садырбай экс-әйелінен 1,5 млн теңге мен кешірім сұраған хатын «Астарлы ақиқатқа» беруді талап етті

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай өзінің бұрынғы жұбайы Айғаным Болатқызына қарсы сотқа талап арыз түсірді. Алматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сотында қаралып жатқан іс қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талап арыз құжаттарына сәйкес, тележүргізуші бұрынғы әйелі әлеуметтік желілерде – Instagram, TikTok, YouTube және Facebook платформаларында оның жеке өмірі мен ар-намысына қатысты жалған ақпарат таратқанын алға тартқан.

«Физикалық қысым көрсетті, бала үшін сотқа сүйреді, қорлық көрсетті» деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және жеке өмірге қол сұғу ретінде қарастырылуы керек», – делінген талап арызда.

Асхат Садырбай сотқа мынандай талап арыз түсіргені белгілі болды:

  • Жарияланған ақпараттарды жалған деп тану;
  • Аудио-бейне кешірім сұрау жазбасын әлеуметтік желілерде жариялау;
  • Жазбаша кешірім хатын жолдау;
  • 1 500 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу;
  • Кешірім жазбасы мен хаттың көшірмесін «Астарлы ақиқат» редакциясына ұсыну.

Айғаным Болатқызы бұл іс бойынша сот отырысының ашық өткенін қалайды. Оның айтуынша, БАҚ өкілдері процеске қатысып, істің ашықтығына кепіл болуға тиіс.

Сот процесі 2025 жылдың 21 ақпанында басталып, Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр.

Другие новости

Back to top button