Главное

Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлікке қатысы бар деген күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҮСІНІКТЕМЕ

– Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді ҚМА баспасөз қызметі.

МӘН-ЖАЙ

Нұржан Нұрланов – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры. Ол қылмыстық іске сәуір айының басында іліккен. Сол кезде оның үстінен Қылмыстық кодекстің 389-бабы – «Өз бетінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған. Іс Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында жүргізілген.

НЫҒМАТУЛИНДЕР

Айта кетейік, биыл наурызда Нұржан Нұрлановтың ағасы Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған. Ол Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша үш адаммен бірге тергеуге алынған. Ал Ерлан Нығматулин де құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

Другие новости

Back to top button