Главное

Қосылған құн салығы қымбаттағаннан кейін тауарлар неше пайызға қымбаттайды

Үкімет қосылған құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға дейін өскеннен кейін қосымша инфляция 2,5-3% болады деп болжап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұманғариннің айтуынша, салық реформасының нәтижесі айқын сезіледі.

«Жылына қосымша 4-5 трлн теңге салық түсімдері. Ұлттық қорға тәуелділіктің төмендеуі. Бюджет өзін-өзі қамтамасыз етеді. Иә, өзгерістер инфляцияға әсер етуі мүмкін, бірақ бұл әсер уақытша болады және бір жыл ішінде күтілуде. Біздің есептеулеріміз бойынша қосымша инфляция 2,5-3%-ды құрайды», — деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетері, бүгін депутаттар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылап жатыр.

Другие новости

Back to top button