Главное
Үкімет байларға арналған бөлек салық енгізуді ұсынды

Қазақстан Үкіметі «сән-салтанат салығын» енгізуді ұсынды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда», — деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар Үкімет әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциз енгізуді ұсынып отыр.