АлматыГлавное

Алматыда мопед мінген жас жігіт бетон араластырғыш ауыр көліктің астына түсіп, опат болды (ВИДЕО)

Алматыда мопед мінген 19 жастағы жігіт бетон араластырғыш ауыр көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні сағат 20:50-де Алматының Алатау ауданында болған.

«Қарасу» ықшамауданында, Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Сүмбіле көшесінің қиылысында мопед жүргізушісі, «Жол бер» жол белгісі болса да жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан «Хово» жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды», — қалалық ПД хабарламасында.

Другие новости

Back to top button