Главное
Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді

Ақмола облысындағы Бурабай жерінде сәлден соң Ұлттық құрылтайдың басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президенттің қатысуымен сәлден соң Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталады», — деп жазды Ақорда.
Осыған дейін президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтай отырысында қандай мәселелер көтерілетінін айтқан.
«Жиында мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады», — деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өткен.