Главное
Қазақстанда жер астына түсетін 14 мың шахтердің қозғалысы бақыланып отыратын болды

«Qarmet» АҚ-ға қарайтын барлық шахтада жерасты позиционирлеу жүйесі енгізіледі. Осылайша компания жер астындағы кеншілердің әрқайсысының қозғалысын бақылап отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін Сенатта өткен парламенттік тыңдауда «Qarmet» АҚ тұрақты даму, стратегиялық коммуникациялар және корпоративтік мәдениет жөніндегі басқарушы директоры Ербол Исмаилов мәлімдеді.
«Qarmet» үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау туралы айтар болсақ, біз кеңінен жерасты позиционирлеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін бүкіл шахтамыз бұл жүйемен қамтамасыз етіледі. Осылайша біз жер астында жүретін 14 мың кеншінің әрбірінің қозғалысын біліп отырамыз», — деді Исмаилов.