Главное

Ербаян Мұхтардың ісі: ешкім күдікті деп танылмады

Тергеушілер Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкімді күдікті деп танымаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бас әскери прокурордың орынбасары Максат Қазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар мен тергеу нәтижелерін алғаннан кейін шешім қабылданады. Іс Бас прокуратураның және бас әскери прокурордың ерекше бақылауына алынған.

Әскери қызметші Мұхтар Ержанның ауыр жарақат алуына байланысты жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар қорытындысын және тергеу нәтижелерін алу бойынша барлық жиналған дәлелдемелер мен нақты деректердің жиынтығы бойынша шешім қабылданады.

Бүгінгі таңда біз ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне түсініктеме бере алмаймыз, өйткені іс көптеген адамдардың мүдделерін қозғайды, — деді ол.

Шенеунік тергеу күдікті адамдарды әлі анықтаған жоқ деп мәлімдеді.

Іс бойынша нақты күдікті адамдар жоқ. Белгілі бір шеңбер бар, олар нәтижемен пысықталып жатыр, – деді Мақсат Қазиев.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.

Другие новости

Back to top button