Главное

Жасөспірім қыз телефонын ұстағаны үшін анасын ұрып тастаған

14 жастағы қыз смартфонына тиіскен анасымен төбелескен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Japantoday-ге сілтеме жасап.

Жапонияда полиция өз анасын соққыға жыққан 14 жастағы оқушыны ұстады. Әйел қызының смартфонына өзгерістер жасаған, содан кейін екеуінің арасында жанжал туған.

Әйелдің кіші қызы полицияға хабарласып, әпкесінің анасын ұрып жатқанын айтқан. Полицияның хабарлауынша, жасөспірім шешесінің шашын жұлып, маңдайынан смартфонымен қойып қалған. Қыз бала өзінің әрекетін түсіндірді. Айтуынша, анасы телефонындағы кейбір функцияларды өшіріп тастапты.

Другие новости

Back to top button