Алматы облысында 8 су қоймасы жекеменшікке өтіп кеткен
Алматы облысында 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізді.
ТЕКСЕРІС
Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді.
— Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін. Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден астам сомаға мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды, делінген прокуратураның хабарламасында.
Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Облыс прокуратурасымен су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және стратегиялық маңызды объектілерді бақылауды қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.