Главное

АҚШ Қазақстанның 369 азаматын депортацияламақ

Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) 2024 жылғы қарашадағы есебінде АҚШ Қазақстанның 369 азаматын депортациялайтыны айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Деректерге сүйенсек, барлығы 1 445 549 шетелдікті әртүрлі мемлекеттерден депортациялау жоспарлануда. Олардың ішінде:

  • Мексика (252 044);
  • Гватемала (253 413);
  • Гондурас (261 651);
  • Сальвадор (203 822) азаматтары көш бастап тұр.

Сондай-ақ, тізімде Қытай (37 908) мен Орталық Азия елдерінің өкілдері бар:

  • Өзбекстан (975);
  • Қырғызстан (319);
  • Тәжікстан (149);
  • Түрікменстан (40).

Қазір бұл адамдардың барлығы қамауда емес, бірақ оларға қатысты түпкілікті шешім шығарылған.

Есепте қазір жойылып кеткен КСРО мен Югославия туралы да айтылған. Осы мемлекеттердің төлқұжаттары бар азаматтар өз аумақтарын алып жатқан елдерге жер аударылады.

Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынған болатын. Көші-қон саясатын қатаңдату туралы Қазақстан елшілігі де ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ мигранттарға заңды қатаңдатқаны айтылды. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.

Другие новости

Back to top button